Министр тұрғындардың вакцинадан бас тарту себебін атады

Алексей Цой келтірген деректерге сәйкес, 2013 жылдан бері елімізде вакцинациялаудан 24 976 азамат бас тартқан.
«Олардың 58% жеке пікірлеріне байланысты, 23,2% діни себептермен, 12,8% вакцинаға сенбейтіндіктен, қалған 6% БАҚ-тағы теріс ақпараттар нәтижесінде бас тартқан», – деді Алексей Цой Парламент отырысында.
2021 жылдың бірінші жарты жылдығынан бастап 3 417 адам вакцинадан бас тартқан. Олардың 197 түсіндірме жұмыстарынан кейін вакцина салдырған.
Ведомствоаралық комиссия мәліметі бойынша, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 859 131 адам, екінші компонентін 6 901 313 адам алған.
kyzylorda-news.kz