Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғыз айдағы табысты тірлік

Тоғыз айдағы табысты тірлік

Арал ауданына жыл басынан бері 8,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Аудан бюжетінің нақтылаған жалпы түсімдері 20,7 млрд теңгені құрады. Биыл аудан бюжеті 2 млрд. 663 млн теңгені құрап отыр. Бұл аудан қазынасының өскенінің дәлелі. Ауданның осы және өзге де дамуы, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов баяндады.
Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 11,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 89,1 пайызды құрады. Биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 11,3 млрд теңгені құрап, 89,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 7,8 млрд теңгені құрап, 82,1 пайызға орындалған. Есепті кезеңде аудан бойынша барлығы 542 612 тонна тұз қазылып, 2 803 тонна балық, 209 тонна ет, 847 тонна нан және нан өнімдері өндіріліп, 80,1 мың текше метр кварц топырағы қазылды.
– Арал ауданы бойынша «Индустриялықинновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құны 104,4 млрд. теңгеге 1379 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын 9 жоба жүзеге асырылуда. 2021 жылдың 1 қазанына ауданымыз бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 4421 бірлікті құрап өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға өсім көрсетті. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендіру бойынша аудандағы жалпы қаржы институттары арқылы 1797,2 млн. теңгенің 167 жобасы қолдау тауып, 443 тұрақты жұмыс орындары құрылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда екі есе артық орындалып отыр. Атап өту қажет, Президент Жолдауын жүзеге асыру үшін Арал ауданының 2024 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары мен арнайы Жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласына бағытталған 40 жобаны іске асыру жоспарлануда, - деді аудан әкімі С.Сағитжанұлы.
Ауданда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша индикативті көрсеткіштердің және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 6,9 млрд. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,4 % артығымен орындалды. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда аудандағы мал басының өсімі 1991 жылмен салыстырмалы түрде үш есеге өскен. Ата кәсіп балық шаруашылығында да айтарлықтай өсім байқалады. 2021 жылдың 1-ші шілде айынан бастап ауланған балық 310 тонна болса, жыл басынан бері өңделген балық 2803 тоннаны құрады. Ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның ішінде Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі екі кәсіпорында, яғни «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-де бар. Есепті мерзімде ауданымыздан 2192 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортқа шығарылған.
– 2020 жылдың 9 айында 22 354 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2021 жылдың 9 айында 24 482 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп, 9,5 пайызға артты. Оның ішінде айрықша атап өткен жөн, қазан айының басында жерлесіміз Болат Өтемұратов қорының тікелей қолдауымен 40 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен бұрынғы №199 апатты жағдайдағы мектептің ғимаратында тұрып келген отбасылар кірді. Сондай-ақ Арал қаласында 12 жаттығу және стритбол алаңының құрылыс жұмыстарына 26,8 млн. теңге бөлініп, толық орындалып, пайдалануға берілді. «АуылЕл бесігі» жобасы аясында өтпелі жоба ретінде 2020-2021 жылдарға жоспарланған Жақсықылыш кентінен «Спорттық сауықтыру кешені» құрылысына 104,7 млн. теңге бөлініп жұмыстары жалғасуда және осы жылы Аманөткел, Қамыстыбас елді мекендерінде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстарына республикалық бюджеттен 430,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Арал қаласының №5 шағын ауданының су құбыры желісінің құрылысына республикалық бюджеттен 490,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары атқарылуда, - деді С.Сермағамбетов.
2020 жылдың қорытындысымен жалпы ұзындығы 643,8 шақырым болатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 175,5 шақырымы жақсы, 146,2 шақырымы қанағаттанарлық және 322,1 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайды құрап, индикаторлық көрсеткіш жоспарланған 50 пайызға қол жеткізілді.
Арал ауданында 50 елді мекен бар. Осы елді мекендердің 39-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылса, 10 елді мекен орталықтандырылмаған көздер және 1 елді мекен тасымал арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың мамыр айында бастау алған Аққұлақ елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және ескі су айдау стансасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек Ақбасты, «Абай-Тоқабай» елді мекендерін ауыз су жүйесіне қосу үшін Су ресурстар комитетімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, «Сапа Құрылыс» мекемесі жеңімпаз болып анықталды. Ақбасты елді мекенін сумен қамту бойынша Қосаманнан Ақбасты бағытына қарай 13 шақырым жері қазылып, 9 шақырымына су құбырлары монтаждалды. Абай–Тоқабай елді мекендерді сумен қамту жұмыстары бойынша техникалық қадағалаушы анықталуда. Ал, 2020 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген Көктем елді мекенінің ауыз суға қосу мақсатында «Нұра топтық су құбыры шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалына» инвест жобалардың тізіміне енгізіліп, қаржысы күтілуде.
Ауданда есепті мерзімде жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. Қазіргі таңда, экономикалық белсенді халық саны 30 440 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 28 910 адам болып отыр. Жұмыс іздеуші ретінде орталыққа хабарласқан 2 853 адамның 1 266-сы тұрақты жұмысқа орналасты. 9 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 1 726 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жалпы алғанда аудандағы маңызды деп саналатын білім мен денсауылық, мәдениет және спорт салаларында да айтарлықтай даму байқалады. Бұл жөнінде аудан әкімінің брифинкте баяндалған көлемді баяндамасында анық аңғарылды. Аудандағы жыл көлемінде орын алған жаңалықтар мен іске асырылған жобалар туралы аудан әкімі Серік Сермағамбетов кеңінен тоқталып, журналистердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, өзекті деген ұсыныстарға құлақ түрді.
09 қараша 2021 ж. 642 0