Ерлі-зайыпты татуласып, некені бұзудан бас тартты
![](/uploads/posts/2021-11/medium/1637321552_9.jpg)
Істі сот талқылауына дайындау барысында, дауды бейбіт жолмен шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, толық емес отбасында өскен баланың келешегі туралы судьямен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, екі жақ татуласып, талап қоюшы талап арызын қайтарып алу туралы сотқа арыз берген.
Сот ұйғарымымен талап қоюшының жауапкермен арадағы некені бұзуды сұраған талабы татуласуларына байланысты қараусыз қалдырылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі