Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Амантай Шәріп: Бұл еңбек бір ғылыми зерттеу институты атқаратын жұмыс

Амантай Шәріп: Бұл еңбек бір ғылыми зерттеу институты атқаратын жұмыс

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесерінде «Бұл еңбек бір ғылыми зерттеу институты атқаратын жұмыс» деді.
Айта кетсек, бүгін Қызылорда қаласында «Достық» үйінде «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесері өтуде.
Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев және өзге де қонақтар қатысуда.
«Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жарық көріп отыр. Бұл еңбектің ерекшелігі сол, Сыр өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының өткені мен бүгінін қызылордалық журналистердің өздері саралап, зерттеп жазып шықты.
Сондай-ақ аталған шарада Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесерінде «мұндай кітаптар басқа өңірлерге үлгі болады» деді.
Айта кетейік, Сыр бойында жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарының тарихын зерттеп-зерделеген жинақтың І томы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың алғысөзінен бастау алған. Сонымен бірге «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, филология ғылымдарының кандидаты Аманжол Оңғарбаевтың, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбектің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сағат Тайманның жалпы қазақ баспасөзіне жасаған талдау ойлары, Сыр журналистикасына айтылған пайым-пікірлері берілген. Жалпы I томда ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері және «Ақмешіт жастары» басылымы қамтылған. Сондай-ақ «Сыр медиа» ЖШС-ның құрылу кезеңі жайлы айтылады.

syrboyi.kz
11 желтоқсан 2021 ж. 719 0