Аудан басшысы Президент сыйлығын табыстады

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушы Гүлнар Жұбатованың үйіне арнайы барды. Аудан басшысы көпбалалы отбасынан шыққан оқушыға ҚР Президентінің және облыс әкімінің жаңа жылдық құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
Осы сәтте балаларға арналған Президент шыршасы мерекесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова телевизиялық форматта балаларға тілек білдіріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақша қар Гүлнардың отбасына мерекелік көңіл күй сыйлап, жаңа жылдық сыйлықтарын ұсынды.


"Толқын" ақпарат