Балаларға аудан әкімінің Жаңа жылдық сыйлықтары тарту етілді
Жаңа жыл – балалар үшін ерекше мереке. Қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын мерекені балалар қауымы жыл сайын жасыл шыршаның жанында бас қосып, шаттыққа толы, мәре-сәре көңіл күйде өткізетін еді. Өкінішке орай, биылғы пандемия жағдайына сәйкес аудан әкімі балаларға арналған Жаңа жылдық лебізін онлайн форматта жолдады. Бұған қоса балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау мақсатында аудандағы 50 мектеп пен педагогикалық психологиялық түзету кабинетінде тәрбиеленіп жатқан 121 балаға Аяз Ата мен Ақша қар арнайы барып, аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, мерекелік сыйлық пен тәттілерді табыстады.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.