Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША КЕШІ ӨТТІ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША КЕШІ ӨТТІ

«Арал аудандық мүгедектер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің күндізгі стационар бөлімінде балаларға арналған жаңа жылдық шырша кеші өткізілді.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қанатов қатысып, балалардың қуанышымен бөлісті. Кеште сөз алған Бектемір Жұмағұлов бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барша арман-тілектерінің орындалуына тілектестігін білдірді.
Жаңа жыл кешінде Аяз ата мен Ақша қардан сыйлық алып,қуанышқа бөленген балалар ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алды. Сондай-ақ, ертегі кейіпкерлері сомдалған түрлі қойылымдарды тамашалап, ата-аналарымен бірге өз өнерлерін де ортаға салды.
Мерекелік кеш соңында аталған орталықта тәрбиеленуші балаларға арналған аудан кәсіпкерлерінің арнайы сыйлықтары табысталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
31 желтоқсан 2019 ж. 1 353 0