Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Шижаға елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйінде Жаңа жылдық мерекелік шара өткізілді. Аталған шара ертегі кейіпкерлері сомдалған жаңа жылдық қойылыммен басталды.
Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысып: -«Баршаңызды табалдырығымыздан аттағалы тұрған Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңіз куә болғандай, ғасыр жылнамасына енгелі тұрған өткен жыл өзінің толағай табысы мен ырзық несібесін сыйлады. Жаңа жыл үміт пен сенімдер ақталатын, шаттық пен қуанышқа, жақсылық пен жарқын істерге толы жыл болсын!» деп көпшілікке лебізін білдіре келе, жыл көлемінде ауданда және Шижаға елді мекенінде атқарылған игі істерге тоқталып өтті.
 Одан соң ауданның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Салтанатты шарада мерекелік бағдарламаны тамашалап, әсем ән тыңдап, ерекше әсер алған ауыл тұрғындары көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
31 желтоқсан 2019 ж. 1 121 0