Отбасылық бизнесті дамытуда

Көшбасшымыздың осы пікірімен толық келісетін қаланың кәсіпкері Феруза Сейілова ауданымызда отбасылық бизнесті дамытудың озық үлгісін көрсетіп жүр. Қазіргі таңда қала орталығынан ашылған шағын комплекс иесінің иелігінде кәуапхана, көлік жуу орталығы бар. Шағын кешен жұмысын алға жылжытуды көздеп отырған кәсіпкер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше мән беретінін сөз арасында аңғартты. Сондай-ақ, өздерінің күнделікті тірліктері жөнінде:
–Халқымыз «Еңбек еткенге басын иеді» дегенді бекер айтпаған ғой. Бүгінде кәсібімізден нәсібімізді көріп отырған жайымыз бар. Бір ғана жұмыспен айналыспай, бірнеше кәсіптің басын біріктіру мақсатында өз жұмысымызда бастап та кеттік. Шүкір, тұрғындар талабынан табылып жатырмыз деп айта аламын. Мәселен, заманауи үлгіде жабдықталған кәуапхана ішінде жылы жұмсақ пен тәтті тоқаштарды келушілерге ұсынып, кейде тапсырыстар да қабылдаймыз. Әзірге сегіз адамды жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта кәсібіміздің көкжиегі одан әрі кеңейіп жатса, біршама адамды тұрақты жұмысқа алсақ деген ойымыз бар–деді.
Отбасылық дәстүрді алға тарта отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне ықпал етуді мақсат тұтқан еңбекқор жанның тынымды тірлігі бізді де сүйсіндірді.
Света Үсенқұлова.