«Nur Otan» партиясының съезіне қатысатын Сыр өңірінен делегаттар сайланды

Жиында облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Г.Әбдіқалықова кеңес мүшелерін Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға шақырды.
Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Біз партияның барлық құрылымдық бөлімшелерін қажетті тәжірибе мен мүмкіндіктерді, күш-жігерімізді Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің толыққанды орындалуына жұмсап, осы бағыттағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыруымыз керек»,- деді филиал төрағасы.
Атап өту керек, 28 қаңтарда партияның кезектен тыс ХХІ Съезі өтеді. Онда партияның алда тұрған негізгі міндеттері мен бағыттары айқындалатын болады.
kyzylorda-news.kz