Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысы өтті

ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысы өтті

2022 жылғы 27 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқада министрліктің 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2022 жылға қойылған міндеттері талқыланды.

Жиынды бөлім басшысы С.Жанназарова және бөлімге қарасты білім мекемелері басшылары тікелей эфир арқылы тыңдады.
Кеңейтілген алқада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, әсіресе жекеменшік балабақшалар қызметінің сапасы жақсаратыны, мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына өзгерістер енгізу, оның ішінде білікті педагогтермен қамтамасыз етіп, балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында талаптарды күшейтуді, сондай-ақ балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құруды, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуы мен кезектің қайталанбауын қамтамасыз ететіндігі, биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтетіндігін, оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігі және тағы да басқа білім саласына қатысты реформалар атап өтілді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

28 қаңтар 2022 ж. 461 0