Гүлшара Әбдіқалықова Талапкер Әмриевпен кездесті

Нақты міндеттерді жүзеге асыру аясында бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» Өңірлік Қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әмриевпен кездесіп, қоғамдық тәртіпті қадағалау шаралары бойынша пікірлесті.
Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев, Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев, ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» Өңірлік Қолбасшылығына қарасты әскери бөлімінің командирі Төлеби Чубаев және бірқатар салалық басқарма басшылары қатысты.
Басқосуда Талапкер Әмриев бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, ортақ мәселелер бойынша пікір алмасты.

kyzylorda-news.kz