Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: 1 айда 9 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда: 1 айда 9 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында жыл басынан бері 9916 құқық бұзушылық анықталған.
Әкімшілік құқық бұзушылық деректерін автоматты түрде анықтайтын құрылғыларымен 2361 құқық бұзушылық анықталған. 
«Автоматты жүйеде жұмыс атқаратын бейне камераларымен құқық бұзушылық анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 822-1 бабының  3-бөлігінің талаптарына сәйкес (Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде көлік құралының меншік иесіне) ұйғарым шығарылып, электронды түрде ГЭП  қызметі арқылы автокөлік тіркелген иесінің мекен-жайына жіберіледі», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция департаменті қала тұрғындарын жол жүру ережелерін бұзбауды, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуды сұрайды.

kyzylorda-news.kz
09 ақпан 2022 ж. 338 0