Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.
Әңгімелесу барысында білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, түрлі саладағы жаңа технологиялар мен инновацияларды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Шигео Катсудың айтуынша, Университет Қазақстандағы жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған.