«Басшылар байланыста» жобасының алғашқы қабылдауы өтеді

Жобаның мақсаты – көпшілік орындарда (қызмет көрсету орталықтары, денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, сауда үйлері және т.б.) мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтарды қабылдап, өтініш-шағымдарын алу және қажетті кеңес беруін ұйымдастыру. Қабылдау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тұрғындарға тиісті консультациялық көмектер беріліп, қызмет алушылардың мәселелерін оңтайлы шешу жолдары қарастырылады.
Осы ретте, 2022 жылғы 16 ақпан сағат 10:00-12:00 аралығында, Қорқыт ата көшесі, 73, №6 қалалық емхана ғимаратында «Басшылар байланыста» жобасының алғашқы «Азаматтарды қабылдау күні» шарасы өтеді.
Қабылдау департамент басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаевтың және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың қатысуымен өткізіледі.
kyzylorda-news.kz