Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді

ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді

Келесі оқу жылынан бастап IT мамандықтарын игеруге ниеттенген талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнін тапсыратын болады. Бұл туралы ҚР БҒМ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Білім және ғылым министрлігінде атап өтілгендей, IT-бағыттары бойынша ЖОО-да оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түсуде.
«Осыған байланысты Министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да математика мен физиканың орнына математика мен информатика комбинациясын тапсырады деп шешім қабылдады», делінген ведомство хабарламасында.
Биылғы оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте талапкерлердің таңдауы бойынша наурыз айында өтетін ҰБТ кезінде дайындықтың осы бағыттарына түсу үшін «Математика+Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.




18 ақпан 2022 ж. 512 0