Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорданың ана мен бала ұйымдары халықаралық «Балаға мейірімді аурухана» атағын алды

Қызылорданың ана мен бала ұйымдары халықаралық «Балаға мейірімді аурухана» атағын алды

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «BalaJan» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ольга Шишигина, белгілі дәрігер, акушер-гинеколог Зәуреш Аманжолова мен «BalaJan» медицина қызметкерлері одағы» қоғамдық қорының Президенті және құрылтайшысы Эльнар Құрманғалиевамен кездесті.

Басқосу барысында облыс бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында қолға алынған жұмыстар талқыланды. Аймақ басшысы ана мен бала мәселесіне ұдайы мән беру басты назарда екенін алға тартып, бірлескен жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Айту керек, өңірде Дүниежүзілік денсаулық ұйымы ұсынған «Емізу практикасын қорғау, қолдау және ынталандыру» бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша Қызылорда облысының медициналық ұйымдары республикалық деңгейде сертификациядан, ресертификациядан өтіп, халықаралық деңгейінде «Вавy–friendly hospitals. Балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханасы» атағына ие болды.
Сондай-ақ, облыс бойынша 5 емдеу, алдын-алу ұйымы «Алтын тақта» номинациясымен марапатталды. Олар – облыстық Ана мен бала орталығы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, Арал және Қазалы ауданаралық ауруханалары мен №3 қалалық емхана.

kyzylorda-news.kz
23 ақпан 2022 ж. 553 0