Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні. Бұл ежелгі дәстүр Қазақстанның батыс өңірі мен Ресеймен шекаралас аймақтардағы қазақтардың арасында берік сақталған.
Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. 
Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.

kyzylorda-news.kz
14 наурыз 2022 ж. 407 0