Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы

Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы

Жолдаудан кейін елдің тарихының бүтін бір дәуірін қорытындылап, бетбұрыстың жаңа кезеңінің басында тұрғандаймыз. Партия ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам мен атқарушы биліктің арасындағы алтын арқау болатыны анық.
Көпшілік үшін күтпеген Конституциялық сотты құру жөніндегі бастамасы болды. Енді қоғам биліктің немесе заңнамалық бастамалардың белгілі бір әрекеттеріне заңды түрде дау айтуға мүмкіндік алады.
Бірден Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру немесе қайта құруды қолдаймын. Бұл тұрғындарға рух, өзгеріске деген сенім қосады және аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, идеологиялық аспект пен ұлттық тарихқа тағзым екенін айта кету керек.
Ұлытау – географиялық жағынан ғана емес, рухани жағынан да Қазақстанның жүрегі. Семей – Ұлы Абайдың Отаны ретінде гүлденіп, басқа өңірлер үшін үлгі болуға міндетті. Алматы облысына келетін болсақ, басты аспект – оның әкімшілік орталығына Дінмұхамед Қонаевтың атын беруге тікелей ұсыныс жасау. Осының барлығы қазақтың бірлігінің дамуына оң әсер етеді. Бұл жерде басты мәселе – елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау екендігін Президент атап өтті.
Президент реформаларды әркім өзінен бастау керек екеніне назар аударғаны бекер емес. Мемлекет басшысы: Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті.»-, деді.
Жаңару мен жаңғыру жолында Қазақстан биікке белестерге жететіні анық. Бұл тұрғыда президент нақты іске көшкені байқалады. Жарқын болашаққа нық қадаммен жұмыс жасауға әрбіріміз үлес қосуға міндеттіміз. Президент бастамалары халық билік арасындағы сенімді арттырады.
Шәріп Әбдірахманов,
«Amanat» партиясы Қызылорда қалалық филиалының бірінші орынбасары
17 наурыз 2022 ж. 2 317 0