Қазалыда жастар фестивалінің ашылуы өтті
Қазалы қалалық жастар ресурстық орталығы КММ мен «Amanat» партиясы жанындағы жастар қанатының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында «Жаңа дәуір – Жаңа Қазақстан» атты жастар фестивалінің ашылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов және Қызылорда қаласынан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Экономика және Құқық институтының директоры Нұрлан Құлмұрзаевпен университет мамандары қатысып жастарға сәттілік тіледі.
Салтанатты шарадан соң аудан бойынша өтінім берген 58 ғылыми жобалар өз жұмыстарын Қорқыт ата университетінің экономика, педагогикалық ғылымдарының кандидаттарының алдында қорғауда.
Фестивальдің ғылыми жобалар бағыты бойынша жүлдегерлерге Қорқыт ата университетіне 4 жыл тегін оқу грантын ұсынып отыр.
Айта кетейік, фестиваль 6 бағыт бойынша бір айға жоспарланған.
kyzylorda-news.kz