"Birge-Тaza Qazaqstan" акциясы жалғасын табуда

Сонымен қатар қорық қызметкерлері республикалық "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясы тақырыбында мекемелер ұжымына және Ж.Түменбаев атындағы №60 орта мектеп оқушыларына танымдық сабақтар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ауыл әкімдігінде дөңгелек үстел өтіп, жиын барысында елді мекендегі құм басу қаупі мәселесі талқыланды. Ауыл әкімі С.Сүлейменов, тиісті қорлар есебінен құм көшкінін тоқтатуға қаражат тарту мақсатында ықпалдастық жасауға ұсынысын білдірді.
Аталмыш шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Тұрғындарды ауылымыздың жасыл желекке айналуы үшін үлес қосуға шақырамыз. Мекеніміз өз ауламыздан басталатынын ұмытпайық және өскелең ұрпақты тазалыққа баулиық!


Сазды ауылдық округі әкімшілігі