Қызылордада кезекті сессия отырысы өтті
Сессия отырысына өңір басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы, облыстык мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, облыстық мәслихат депутаттары мен тиісті баскарма басшылары қатысты.
Сессия отырысы барысында аймақ басшысы аймағымыздың экономикалық дамуына бірлесіп белсенді жұмыс жасау қажеттілігін тілге тиек етіп, экономика салаларына инвестициялар тарту, салық базасын ұлғайту, саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарын ерекше айтып, бұл шаруалардың барлығы Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспарында қамтылатынын атап өтті.
Сондай-ақ кезекті сессияда облыстық мәслихаттағы "AMANAT" партиясының депутаттық фракциясының мүшелері өткен жылдағы нәтижелі іске асырылған ауқымды жұмыстар ағымдағы жылы да кезең кезеңімен жалғасу қажеттігін айтып, қосымша ұсыныстар жасады.
Жиын барысында сессияда негізгі мәселе ретінде қаралып отырған негізгі «Облыста халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғаудың жайы және оны жақсарту шаралары» туралы облыс әкімінің орынбасары Б. Шәменова мен Уақытша комиссия төрағасы, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Г. Есқалиева баяндама жасады.
Сессияның күн тәртібіне қойылған 12 мәселе толық қаралып, шешімдер бірауыздан қабылданды.
Ибраимова Лаура Колханатқызы,
Қызылорда облыстық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі