Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияның бас консулы Қызылордаға келді

Германияның бас консулы Қызылордаға келді

Германияның Бас Консулы Марио-Инго Зоос Қызылорда өңіріне іс сапармен келді.
Сапар барысында мәртебелі мейман қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихи-мәдени орындармен танысты. Татулықты ту еткен Достық үйін аралап, облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, неміс этномәдени бірлестіктің жетекшісі Ирина Шек және бірлестіктің белсенділерімен кездесті.
Достық үйінің мұражайын көріп, онда түрлі этнос өкілдерінің экспонаттарымен танысты. «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне барып, қасиетті Рамазан айы құтты болсын деген тілегін жаудырды.
Қоғамдық келісім мен екі ел арасындағы қарым-қатынасты берік ету жолындағы зор еңбектері үшін мекеме басшылығы Болатбек Серікбайұлы мен неміс эномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шекке ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста неміс этносының 150-ге жуық өкілі бар. Олардың барлығы өңіріміздің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді.
kyzylorda-news.kz
26 сәуір 2022 ж. 367 0