Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА атынан ұсынылатын Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты

Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.
«Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

