Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 мамырда Мемлекет басшысының қатысуымен мерекелік жиын өтеді

7 мамырда Мемлекет басшысының қатысуымен мерекелік жиын өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«6 мамырда елордадағы «Қазақстан» концерт залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Онда Президент ардагер әскери қызметшілерді, қатардағы әскери қызметкерлерді, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде Жеңіс күніне орай «Құрмет» мемориалды монумент алдына гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсету жоспарлануда», деді Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі департамент басшысы, генерал-майор Серік Боранбаев.

Оның айтуынша, 7 және 9 мамыр күндері өтетін іс-шаралар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге және Отан үшін қаза тапқандардың ерлігін есте сақтап, тағзым етуге бағытталған.

«Сондай-ақ Мемлекет басшысның қатысуымен 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Аталған дәстүр еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады», – деді ол.
03 мамыр 2022 ж. 433 0