Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

9 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 9 мамыр күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.
Сағат 11.00-де «Жерұйық» саябағында елшілік жанындағы әскери Атташе аппаратының, Сауда өкілдігінің, Қазақстандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығының қызметкерлері генерал-майор И. В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғын қояды.
Сағат 12.30-да «Қазақ елі» монументінің алдында жыл сайынғы «Батырларға тағзым» атты шеру басталады.
 
АЛМАТЫ
Сағат 09.30-да 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта Даңқ мемориалына гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Салтанатты шараға соғыс ардагерлері, құрметті қарауыл ротасының өкілдері, әскери-үрмелі оркестр және тағы басқалар қатысады.
Сағат 10.00-де 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
Сағат 12.00-де «Астана» алаңында «Қаһарман Ұлт» шеруі өтеді. 
Сағат 20.00-де «Астана» алаңында Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Тағзым!» атты концерт өтеді.
reactor.inform.kz
08 мамыр 2019 ж. 899 0