Өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Мәселен: автобус паркінің көліктері тозуына халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңадан 150 дана автобус алынатынын; білім, мәдениет, спорт саласындағы нысандарды салу барысында нақты қажеттілікті ескеру және бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану жұмыстарын жүргізу; азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша нақты шараларды іске асыру; аудан әкімдері жергілікті шаруашылықтармен бірлесіп, тұрғындарға бау-бақша және көкөніс егуге жағдай жасауды тапсырды.
Сессияда облыс басшысы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды саралап шығып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жоспарланған жобаларды іске асыруға бірлесіп атсалысуға шақырып, алда орасан жұмыс күтіп тұрғанын айтты. Мәжілісте айтылған мәселе бойынша тұрақты комиссияның отырысында баяндалып, жан-жақты талқыланғандықтан депутаттар бірауыздан қолдап, шешім қабылдады. Сондай-ақ жиында қаралған мәселе «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасының уақытылы іске асуына үлес қосатын болғандықтан, айтылған мәселелердің сапалы жүргізілуіне әрбір фракция мүшесі жауапты деп білемін.
Қызылорда облыстық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,
Ибраимова Лаура Колханатқызы