Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының прокуроры сырбойылықтарға үндеу жариялады

Қызылорда облысының прокуроры сырбойылықтарға үндеу жариялады

Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібімен қызылордалықтарға үндеу жариялады.
***
Құрметті азаматтар! Өңірімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер үлестерін (пай) бөлуге қатысты даулар жиілеп кетті.
Бұл даулар негізінен шаруа қожалықтары мен серіктестік қатысушыларының арасында жер үлестерін бөлу барысында орын алуда.
Тараптар ымыраға келмеген жағдайда мемлекеттік органдар шара қабылдамайтынын алға тартып, заңсыз митингілер, жиналыстар өткізуде.
Кәсіпкерлік Кодексінің 18-бабына сәйкес мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің ісінезаңсыз араласуына жол берілмейді.
Осыған байланысты белгілі бір серіктестіктің немесе шаруа, фермер қожалықтары құрамынан шығу және жер үлесінбөліпалутәртібі Жеркодексімен «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңмен(бұдан әрі – Заң)реттелетінін түсіндіреміз.
Азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру үшін қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша үлесін немесе пайын, жер учаскесін қоса алғанда, нақтылы бөліп шығаруға (бөлісуге) не үлесінің немесе пайының құнын төлетіп алуға құқылы.
Қатысушылардың құрамынан шығу туралы және жер учаскесінбөліп шығару туралы өтініш ауыл шаруашылығы ұйымына беріледі(Жер кодексінің 101-бабының 3-бөлігі).
Заңның 43-бабының 4-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысысеріктестік қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға алуға құқылы.
Бұл реттежер үлестері мен телімдерін бөліп шығару мәселесі серіктестіктіңқұрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен оның қатысушыларыныңжалпы жиналысында қаралып, шешіледі.
Құрылтай құжаттарында жер учаскесін бөліп беру тәртібі көрсетілмеген жағдайда Жер кодексінің 101-бабы 4-тармағыныңнормалары қолданылады.
Серіктестік құрамынан шығуға ниет білдіріп, пай үлестері ретінде бөлінген жер учаскелерімен және қатысушылардың жалпы жиналыс шешімімен келіспеген жағдайда, мұндай даулар Азаматтық процестік кодексінің 1-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотта қаралады.
Осыған байланысты барлық жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша соттарға жүгіну қажет.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне пайдалану құқығы жоқ (тиісті құқық белгілейтін құжаттарынсыз) тұлғалардың жер телімдерін заңсыз иеленіп алу, оны пайдалану фактілері орын алуда.
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың түсінігі мен толық тізіміЖер кодексінің 12-бабының 24-тармақшасында көрсетілген.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне құқық беру тәртібі жәнешаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін беру ерекшеліктері Жер кодексінің 43, 43-1-баптарында белгіленген.
Бұл талаптарды сақтамай, жер учаскелерінеөзінше билік етуге жол бергені үшін әкімшілікжәне қылмыстықжауаптылықтар көзделген.
Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кесетінін, сондай-ақ оларға жол бермеуге заңда көзделген шараларды қолданатынын ескертеміз.
Сондықтан азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз митингілерге қатыспауға шақырамыз.
Н. БИЖАНОВ,
Қызылорда облысының прокуроры

kyzylorda-news.kz
06 мамыр 2022 ж. 530 0