КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін аудандық штаб мүшелері "Вокзал" бастауыш партия ұйымының базасында көпбалалы аналармен жүздесіп, жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығын туралы ақпар берді.
- Қазақстандықтар тарихи таңдаудың қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу - саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет. Бұл - уақыт талабы. Себебі ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысу қажет - деді, аудандық мәслихат депутаты Махамбетова Қанағат.
Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы біліп, оқып, оған дауыс беруі керек. Бұл азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы қажет.
#ReferendumAMANAT