Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партияны трансформациялау – демократиялық жаңару

Партияны трансформациялау – демократиялық жаңару

Саяси және экономикалық алаңдағы жаңа үдерістердің пайда болуы.Бұл – уақыт талабы. Әйтпесе, оның салдары тоқырауға әкелуі мүмкін.
Съезд қорытындысы бойынша партия жұмысындағы негізгі басымдық орталықтан жергілікті деңгейге, яғни өңірлік филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарына ауыстырылды. Бастауыш партия ұйымының төрайымы ретінде, бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарының жандануы қуантарлық жайт. Себебі, бастауыш партия ұйымдар – партия тірегі. Орын алатын оң өзгерістер тек бастауыш партия ұйым мүшелерінің партия жұмысына атсалысуын ынталандыратын болады.
Партиялық бағдарламалық құжаттар өзгеруімен депутаттық корпусқа қойылатын талаптар да күшеюде. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда партия депутаттары қызметінің рейтинг қорытындылары жарияланатын болады. Бұл шара халықпен тығыз байланыстағы депутаттарды айқындап беретіні сөзсіз.

Шәрбану ЖАНГҮШІКІОВА,
Арал аудандық мәслихат депутаты
04 наурыз 2022 ж. 617 0