Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындары референдумды қолдайды

Ауыл тұрғындары референдумды қолдайды

Барлығымызға белгілі жуырда еліміздегі саяси реформаларға байланысты Ата заңға түзетулер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шешім қабылдады.
Осы орайда, "AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері Қосжар ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ұсынылған түзетулер бойынша толық ақпар берді.
- Бұл референдум барлығымызңа жұдырық болып жұмылып, азаматтық қоғамға негізделген жаңа мемлекетті құру жолындағы аянбай тер төгетін сәт. Еліміз тарихындағы аса маңызды оқиғадан шет қалмау елін сүйетін әрбір азаматтың басты міндеті. - деді, "AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қанатов Талғат.
Референдум өткізу азаматтарға жалпы мемлекеттік сипаттағы осындай маңызды мәселе және ел тағдырын айқындау бойынша дауыс беруге тікелей қатысу мүмкіндігін іске асыруға мүмкіндік береді.

Арал аудандық мәслихатының хатшысы Төреахметов Базарбай
20 мамыр 2022 ж. 642 0