Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум: ҮЕҰ өкілдері ел өміріндегі азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты

Референдум: ҮЕҰ өкілдері ел өміріндегі азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты

Елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің АБҚО алаңында «Конституциялық реформа: қоғамның саяси трансформациясы» атты диалог алаңы ұйымдастырылды.
АҚДМ, ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар конституциялық реформаның рөлін және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту шараларын талқылады.

АҚДМ вице-министрі Данияр Кадиров азаматтық қоғам өкілдерін алдағы референдумға белсене қатысуға шақырды.
«Бүгінгі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алдында азаматтардың жүргізіліп жатқан жұмыстардан толыққанды хабардар болуын қамтамсыз ету міндеті тұр. Бұл ретте біз барлық жағдайды жасауымыз керек. Сондай-ақ, азаматтарды осы жылдың 5 маусымына жоспарланған алдағы референдум жөнінен ақпараттандыру шараларына сарапшылар мен белсенді азаматтарды тарту да маңызды», - деді Д. Кадиров.

"Толқын" ақпарат

20 мамыр 2022 ж. 542 0