Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының» төрайымымен кездесті
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының» төрайымы Раушан Сәрсембаевамен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.
Басқосуға облыстық мәслихат депутаты Аида Әбибуллаева, «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының» облыс бойынша төрайымы Манат Алмашева қатысты.
Аймақ басшысы барлық салада ерлермен иық тіресе еңбек етіп, қоғамның бел ортасынан табылып жүрген әйелдер қауымының орны ерекше екенін тілге тиек етті.
Кездесуде Раушан Сәрсембаева көпбалалы аналарды кәсіппен айналысуға тегін үйрету және саясаткер әйелдер клубын ашу туралы ұсыныс айтты.
Жиын соңында аймақ басшысы қоғам игілігіне бағытталған ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.
kyzylorda-news.kz