Әйел – қоғам тірегі

Шараға қатысушылар әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі ролі, отбасы құндылығын насихаттау және жас отбасылардың арасындағы ажырасулардың алдын-алу бағытындағы жұмыстар, көпбалалы аналарға беріліп жатқан қолдаулар, қарапайым заттар экономикасы, аграрлық сектордағы әйелдер бірлестігі және басқа да маңызды мәселелер туралы айтып, пікірлерін білдірді.
Аталған кездесуге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы мен мүшелері онлайн форматы арқылы қатысты.
Жиын соңында аудандағы қайырымдылық шараларына ерекше атсалысып жүрген жеке кәсіпкер Еділбаева Анарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


