Колледж ұжымы референдумға қолдау білдірді
![](/uploads/posts/2022-05/medium/1653669359_1.jpg)
Кездесуде алдағы референдумның мән-маңызы, онан күтілетін нәтижелер жайы талқыланды.
«Конституцияға енгізілетін түзетулер билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруға сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге негізделіп отыр.
Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық парызымыз. Сондықтан саяси науқанға барлығымыз белсенділік танытып, болашақтың іргетасын бірге қалауымыз керек» деді штаб мүшесі Бақытбек Смағұл.
Сондай-ақ, кездесуге облыстық штаб мүшесі Нұриддин Әмитов пен аудандық штаб мүшелері қатысып, алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін жеткізіп, 5 маусымда дауыс беруге шақырды.
Жиында колледж қызметкерлері өз ұсыныстарын жеткізіп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтындарын және Жаңа Қазақстан құру жолындағы біркісідей атсалысатындарын айтты.
![](/uploads/posts/2022-05/medium/1653669375_2.jpg)