Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытбек Смағұл: Референдум – мемлекетімізді жаңа қырынан дамытуды көздейді

Бақытбек Смағұл: Референдум – мемлекетімізді жаңа қырынан дамытуды көздейді

Президент Қ.К.Тоқаевтың жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау шаралы аясында «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл аймаққа іс-сапары аясындағы сайлаушылармен кездесуі Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм ауылдық округінде жалғасты.
Аталған кездесуге ауыл тұрғындарды жиналып, референдум өзгерісіне қолдау көрсетіп, өз ұсыныстарын жеткізді.
Республикалық штаб мүшесі еліміздің Ата заңына енгізілетін нақты нормалардың маңыздылығына тоқталып, жалпыхалықтық референдум  Әділетті Қазақстанды құрудың бастамасы екенін атап өтті.
«Бұл референдум – жеке адамның мүддесін қорғауға емес, барша халықтың мүддесін қорғауға, мемлекетімізді жаңа қырынан дамытуға, жаңғырту және нығайтуды көздейді. Осылайша Конституцияның 3-тен бір бөлігіне өзгеріс енгізіледі. Сондықтан баршаңызды Референдумды қолдауға шақырамын – деді, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл.
Кездесуге республикалық штабтың мүшесімен бірге облыстық, аудандық штабтың мүшелері де қатысып, халықты науқанға атсалысуға шақырды.
Жиында сөз алған ауыл азаматтары Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдайтындарын айтып, алдағы маңызды күнге сәттілік тілеп, ауыл ақсақалдары батасын берді.

kyzylorda-news.kz
27 мамыр 2022 ж. 2 820 0