Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Банк ұжымдарымен референдумның маңыздылығы түсіндірілді

Банк ұжымдарымен референдумның маңыздылығы түсіндірілді

Amanat партиясы Маңғыстау облыстық филиалында Банк ЦентрКредит,
ForteBank, Народный Банк, Каспий банк , Отбасы Банк ҰЖЫМДАРЫМЕН РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Конституциялық референдумның өтуіне саусақпен санарлық 4️⃣ күн қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев халық өз тағдырын өзі шешетіндей болуы үшін, мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізгелі отыр. Бірнеше рет конституция өзгерді, бірақ барлығы парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажет болып отыр. Өйткені конституцияның 3️⃣3️⃣ бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші. Әсіресе, ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Басқа да үлкен-үлкен мәселелер бар. Бастысы “Cуперпрезиденттік” басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін президенттік басқару үлгісі енгізілгелі отыр. Мысалы, Парламент оның ішінде Мәжіліске, Сенат және Президент өзінің өкілеттілігіне қатысты өзгерістер орын алады. Өлім жазасына, адам құқықтарына қатысты да көптеген өзгерістер бар.
Бұл маңызды саяси іс-шараның басты өзгешелігі – халықтың пікірі мен ұсыныстары, талап-тілектері міндетті түрде ескеріледі. Яғни, алдағы бүкілхалықтық референдум Президент ұсынған “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының айқын көрінісі болмақ.», - деді кездесудің маңызыдылығына тоқталған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі депутаты Еділ Жаңбыршин

Жиында банк қызметкерлері пайымды пікір, орамды ойларын ортаға салып, алдағы конституциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн болғандықтан заңнамалық өзгерістерде қарапайым халықтың ұсыныс пікірі ескерілсе дейді.

Барлық ұсыныстар штаб өкілдері тарапынан назарға алынып, референдумға қатысу – барлығымызға ортақ борыш екендігі түсіндірілді.
02 маусым 2022 ж. 550 0