Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалым Әміреев: Өзгерістерге өз таңдауымызбен жетеміз

Ғалым Әміреев: Өзгерістерге өз таңдауымызбен жетеміз

Бүгін партия жанындағы республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қызылорда облыстық диагностикалық кеңес беру орталығының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын, «биліктің көзі – халық» деген принципті жүзеге асыруға жол ашылатынын, бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкілхалықтық деңгейдегі міндет екендігін кеңінен талқыланды.
«Мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын кез келген қазақстандық жалпыхалықтық референдумның маңызын түсінуі керек. Ел болашағы үшін конституциялық реформа жасау қажеттігін Президентіміздің өзі де айтты. Біз конституциялық реформаның шешуші кезеңіне қадам басып жатқанымызды түсінуіміз керек. Шын мәнінде, мұның ел тағдыры үшін айрықша мәні бар. Сондықтан айдың 5-ші жұлдызында өтетін жалпыхалықтық референдумға дауыс беруге баршаңызды шақырамын. Өзгерістерге жету үшін таңдау жасайтын сәттен қалыс қалмаңыздар, – деді республикалық штабтың мүшесі Ғалым Әміреев.
Сондай-ақ сайлаушылармен кездесуге облыстық, қалалық штаб мүшелері де қатысып, ұжымға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Штаб мүшелерімен өткен басқосуға қатысқан медицина қызметкерлері санаулы күндерден соң өтетін науқанға біркісідей атсалысатындарын жеткізді.
02 маусым 2022 ж. 415 0