Партия өкілі Қ.Нұрмаханов: ашықтық пен әділдікті бақылап отырмыз

– Достар, оқырмандар! Көптен күткен 5 маусым да келіп жетті. Мен AMANAT партиясының өкілі болып дауыс беру сәтін Қызылорда облысы Арал ауданының (қаласының) № 48 учаскесінде бақылап отырмын. Барлығы жоғары деңгейде өтіп жатыр.
Дауыс берудің қорытындысы шығуға санаулы уақыттар қалды. Дауыс беру учаскесінің комиссия мүшелерімен бірге бюллетендерді санап жатырмыз. Осы учаскеге келген барлық ұйымдардың өкілдерімен бірге ашықтық пен әділдікті бақылап отырмыз.
– Мен үшін бүгінгі шараға қатысу - үлкен мәртебе. Ата заңға енгізілетін өзгертулерді жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өткізу тарихи сәт дер едім, - дейді.