Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы ана жарқын болашақ үшін дауыс берді

Көпбалалы ана жарқын болашақ үшін дауыс берді

Байсейітова көшесінде орналасқан №54 сайлау учаскесіне көпбалалы Батыр ана  Гүлсім Алдашева келіп, өз дауысын берді.
– Өз дауысымды беруге келдім. Осындай еліміз үшін саяси науқанда ешқайсымыз қалыс қалмауға тиіспіз деп ойлаймын. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жіті көңіл бөлінуде. Балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс беруге келдім. Шешуші сәтте қарап қалуға болмайды. Биылғы жылдың Балалар жылы деп аталуы да зор мақтаныш. Бүгінде Үкімет тарапынан қолдаулар бар, ай сайын жәрдемақыны тұрақты алып тұрамыз. Кішкене балаларымыздың болашағы жарқын болсын деп тілеймін. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын., – дейді Батыр ана Гүлсім Алдашева. 

К. ӨТЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ
05 маусым 2022 ж. 585 0