Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев:: Құрылтайда халықтың үні шын мәнінде естілуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев:: Құрылтайда халықтың үні шын мәнінде естілуі керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде өтіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды.

Кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы жарлығы жарияланды. Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар.
16 маусым 2022 ж. 825 0