Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада Ресейге және Иранға барады
Президенттің баспасөз қызметі атап өткендей, маусымның 16-ы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.
17 маусым Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады.
Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.
19 маусымда Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады.
Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
kyzylorda-news.kz