Жас сарбазға ІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас сарбазға құрмет көрсетіп, жанқиярлық көрсеткені үшін аймақ жұртының атынан ілтипатын білдірді.
«Бұл – жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін берілетін марапат», – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі батырдың әкесі Қайрат Төлебекұлы мен анасы Бақытгүл Әкімбайқызына отаншыл, патриот азаматты тәрбиелеп өсіргендері үшін алғыс айтты.

kyzylorda-news.kz