Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілік – тазалық таразысы

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті болуы тиіс.
Бүгін ауданға қарасты ауылдық округ тұрғындары сенбілік барысында тазалық жұмыстарын қарқынды түрде жүргізді.

Осы ретте, аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстарына тұрғындар мен барлық мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, әлеуметтік нысандардың айналасы мен көшелердегі қоқыс-қалдықтарын шығарып, әрбір тұрғын ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.

Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтар, қолғаптар және қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етіліп, 11 техника жұмылдырылды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Жалпы ауданынымыздың тазалығы бір реттік немесе бір айлық шаралармен шектеліп қалмауы керек. Осы орайда барша туған жеріне, өсіп-өнген ортасына жанашырлықпен қарайтын жерлестерімізді тазалық мәселесіне ерекше ден қойып, тазалық жұмыстарына біркісідей атсалысып, ауданымыздың келбетін келісті етуге үлес қосуға шақырамыз.
"Толқын" ақпарат

31 шілде 2022 ж. 343 0