Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдықтар «BIRGE - TAZA QAZAQSTAN» акциясына үн қосты

Аралдықтар «BIRGE - TAZA QAZAQSTAN» акциясына үн қосты

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті болуы тиіс.Бүгін республикалық «Birge - Тaza Qazaqstan» акциясы аясында аралдықтар тазалық жұмыстарын қарқынды түрде жүргізді.
Акцияның басты мақсаты – табиғатымыздың ластану проблемасына назар аудару және қоғамдық экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.Осы ретте, аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына тұрғындар мен барлық мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, қалаға кіре беріс аймақтар, әлеуметтік нысандардың айналасы мен орталық бойындағы көшелердегі қоқыс-қалдықтарын шығарып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда ортақ үйіміздің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтар, қолғаптар және қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Сенбілік барысында қоғамдық орындар мен ретсіз тасталған керексіз заттардан тазаланды.Атап өту қажет, «Birge - Тaza Qazaqstan» республикалық акциясына ауданға қарасты кент және ауылдық округтердің тұрғындары мен барша мекеме қызметкерлері таң сәріден бастап ауыл-аймақты лас-қоқыстардан тазалап, аталмыш шарада белсенділік танытты.
Жалпы ауданынымыздың тазалығы бір реттік немесе бір айлық шаралармен шектеліп қалмауы керек. Осы орайда барша туған жеріне, өсіп-өнген ортасына жанашырлықпен қарайтын жерлестерімізді тазалық мәселесіне ерекше ден қойып, тазалық жұмыстарына біркісідей атсалысып, ауданымыздың келбетін келісті етуге үлес қосуға шақырамыз.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі



03 шілде 2022 ж. 359 0