Ертең Үкімет отырысы өтеді

Күн тәртібінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы, 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің қорытындылары қаралады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында Үкімет отырысы онлайн режимде өтеді.
Трансляция PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.