Аудандағы грант иегерлері анықталды

Сәйкесінше ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 12 587 грант, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары - 22 728 грант, ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 195 грант, қызметтер – 2200, ветеринария – 925, шетел азаматтарын халықаралық келісімдер бойынша оқытуға – 365 грант, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалында студенттерді оқытуға – 125 грант, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында студенттерді оқытуға – 200 грант бөлінген.
Арал ауданы бойынша мектеп бітірген түлектердің 651 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Олардың 532-сі мемлекеттік грант бойынша конкурсқа құжаттар тапсырды. Конкурс нәтижесі бойынша ауданда 407 оқушы мемлекеттік білім грантын иеленді. Соның ішінде 194 оқушы педагогикалық мамандықтың, 32 оқушы медициналық мамандықтың грантын жеңіп алса, 94 оқушы техникалық, 25 бала ауыл шаруашылығы мамандықтарына грант негізінде оқуға түсті. Ал қалған 62 оқушы әр түрлі мамандықтар бойынша мемлекеттік грантқа жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды.
Аудандық білім бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, білім грантының конкурс нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы мектептер анықталған. Аудандағы көн ілгері білім ордаларының алдыңғы үштігін Жақсықылыш кентіндегі №19 орта мектеп бастап тұр. Мұндағы білім грантына конкурсқа қатысқан 39 түлектің 35-і грант еншілеген. Мұнан соң Ұ.Қараманов атындағы №262-мектеп-гимназия оқушыларының 33-і конкурсқа құжат тапсырып, 27 оқушы грант иегері атанды. Ал Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 34 түлегі грантқа оқуға түсу үшін құжат тапсырған болса, соның 26-сы өз мақсатына қол жеткізді.
"Толқын" ақпарат