«Бітім» медиация орталығының мамандары Арал ауданында болды

Аудан тұрғындарымен, мемлекеттік қызметшілермен және білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлерімен болған кездесуде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері, басшылық тарапынан жасалатын қысымдар жайы талқыланды. Сондай-ақ «Бітім» медиация орталығында заңгерлік және психологиялық көмектер тегін көрсетілетіндігі түсіндіріліп, білікті мамандардың байланыс нөмірлері ұсынылды.
Мұнымен бірге №262 мектеп-гимназиясы ғимаратында «Мектеп медиациясын дамыту» тақырыбында мектеп психологтарының қатысуымен көшпелі оқыту семинары өткізілді.


kyzylorda-news.kz