Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірлік ҚХА және этномәдени бірлестік мүшелері «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты

Өңірлік ҚХА және этномәдени бірлестік мүшелері «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен өңірлік этномәдени бірлестіктердің мүшелері жаңа оқу жылы қарсаңында республикалық «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты.
Қызылорда қаласы және барлық аудандарда 100-ге жуық көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтары толықтай қамтылған сөмкелерді табыстады.
Жыл сайын тамылжыған тамыздан бастап, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын биылғы науқанға облыстық ассамблея және этномәдени бірлестік өкілдері бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетті. Ата-аналардың алғысын алып, ризашылығына бөленді.

kyzylorda-news.kz

26 тамыз 2022 ж. 246 0