Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚХА сессиясы басталды

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚХА сессиясы басталды

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деген күн тәртібімен басталған сессия жұмысына 1 500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында елдің барлық өңірлерінен келген Ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауымның және БАҚ-тың өкілдері бар.
Сессия соңында салтанатты концерт өтеді.
ҚХА-ның «Ортақ шаңырағымыздағы бейбітшілік пен келісім үшін» атты ең алғашқы сессиясы ұйымды құру бағытында 1995 жылы ұйымдастырылған еді. Содан бері  25 сессия өткізіліп, олардың барлығында қоғам үшін маңызы зор мәселелер талқыланды. 2018 жылдың 1 тоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 29 республикалық, 75 өңірлік және 530 жергілікті тіркелген этномәдени бірлестік жұмыс істейді.
inform.kz
28 сәуір 2018 ж. 1 182 0